adilettv

«БЕТІН ТҰМШАЛАҒАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ»: ВИЦЕ-МИНИСТР ЗАҢ БОЙЫНША ҚАНША АЙЫППҰЛ САЛЫНАТЫНЫН АЙТТЫ

Қоғамдық орындарда бет-жүзін тұмшалап жүрген азаматтарға қатысты жауапкершілік қарастырылған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бірінші вице-министрі Қанат Ысқақ мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа норма белгілі бір діни киімдерге қарсы бағытталмаған. Негізгі мақсат — адамның тұлғасын анықтауға кедергі келтіретін, яғни бет-әлпетін толық жабатын киімдерге шектеу енгізу.

Вице-министрдің түсіндіруінше, заң талаптарын бұзғандарға алдымен ескерту жасалады. Егер құқық бұзушылық қайталанатын болса, әкімшілік жаза қолданылады. Атап айтқанда, қайталап бұзған азаматтарға 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады.

«Біз діни немесе әлеуметтік киімдерге тыйым салып отырған жоқпыз. Тек адамның бет-жүзін толық жауып, оның бейнесін тануға мүмкіндік бермейтін жағдайларға қатысты шара қолданылады. Алғашында ескерту беріледі, қайталанса — айыппұл қарастырылған», — деді Қанат Ысқақ.

Сондай-ақ, ол бұл норманың енгізілгеніне шамамен 2–3 ай болғанын атап өтті. Қазіргі таңда нақты статистика қалыптаспаған, деректер жинақталып жатыр. Бұл бағыттағы бақылау мен құқық қолдану шараларын Ішкі істер министрлігі жүзеге асырады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Агроөнеркәсіптік серпін: Шымкенттегі ауыл шаруашылығы жобалары (2025–2027)

AdiletTV

РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚАЛА ӘКІМІ ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАПСЫРДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Заңсыз ойын бизнесі

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз