13.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

ЕЛІМІЗДЕ БЕТІН БҮРКЕГЕН МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Қазақстанда бет-әлпетті жасыратын, адамды тануға кедергі келтіретін киім кигені үшін 1179 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мұндай шектеу «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заңның 75-бабы 3-тармағында қарастырылған. Құжатқа сәйкес, адамның кім екенін визуалды түрде тануды қиындататын немесе мүмкін емес ететін киім үлгісін кию құқық бұзушылық болып танылады. Алайда бұл тыйым ауа райы жағдайларына, медициналық көрсеткіштерге байланысты, сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу барысында бетті жабу жағдайларына қолданылмайды.

Аталған тыйымды бұзғаны үшін жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабында белгіленген. Заңнама бойынша алғашқы құқық бұзушылық үшін азаматқа ескерту жасалады, ал бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

5 возможностей Шымкента для инвесторов

Admin

«Сегодняшний референдум показывает, что в стране царит открытость и гласность».

Admin

Шымкент қаласы: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Admin

Пікір қалдырыңыз