26.3 C
Shymkent
3 октября, 2026
adilettv Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары(Основная Рубрика) Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет өңір тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға Түркістан қаласы, Сауран, Ордабасы және Мақтаарал аудандарының тұрғындары келді.

Қабылдауға келген азаматтар түрлі әлеуметтік, еңбек, жер және инфрақұрылым мәселелерін көтеріп, өздерінің талап-тілектерін жеткізді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметке және жер учаскелерін пайдалану мәселелеріне қатысты өтініштерін білдірді.
Өңір тұрғындарының өтініштерін мұқият тыңдаған облыс әкімі жауапты басшыларға әр мәселені заң талаптарына сәйкес жан-жақты зерделеп, нақты шешім қабылдауды тапсырды.
– Әрбір тұрғынның мәселесі назардан тыс қалмауы керек. Өтініштерді қарау барысында ең алдымен заң талаптары сақталуы тиіс. Егер мәселе сол жерде шешілетін болса, созбалаңға салмай, тиісті шара қабылдаңыздар. Ал қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша заң аясында нақты шешім қабылдауды тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.
Қабылдау барысында бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты. Ал қосымша тексеруді қажет ететін өтініштер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, заңнамаға сәйкес зерделеу жүргізілетін болды.
Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіп келеді. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Тұрғындар қабылдауға e-Otinish бірыңғай базасы арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТОО BIK Kanc – важный инвестиционный проект в сфере производства бумажной и офисной упаковки

Максим Сейтенов

Әлия Назарбаеваны рейдерлік жолмен басып алды деген айып тағылды

admin

ФИНЛЯНДИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

Максим Сейтенов

Пікір қалдырыңыз