33.6 C
Shymkent
19 июня, 2026
adilettv

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді.

✔️Президент дауыс берген соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін еліміздің дамуы мен келешегі үшін ерекше маңызды күн екенін атап өтті.
– Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Баршаңызға құтты болсын! Шын мәнінде, бұл – тарихи құжат. Ол азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Сондықтан оның маңызы өте жоғары. Жаңа Конституция еліміздің, жеріміздің тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін қорғайды. 1995 жылы қабылданған Конституция ерекше рөл атқарды. Еліміз 35 жыл осы құжатпен өмір сүрді. Бірақ заман бір орында тұрмайды. Сол себепті жаңа Конституция қабылдайтын уақыт келді. Бұл жұмысқа мен де белсене атсалыстым. Конституцияның преамбуласын және басқа да нормаларын өзім жаздым. Жаңа Ата заң ел игілігіне, келешегіне қызмет етеді деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.
✔️Бұдан кейін Президент конституциялық реформаның негізгі мақсаты мен міндеттеріне, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне қатысты бірқатар сауалға жауап берді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚЫЗ ЗОРЛАДЫ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН БЛОГЕР ТҮРМЕДЕН БОСАТЫЛДЫ

AdiletTV

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА БІР ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ ӨЛІ ТАБЫЛДЫ

AdiletTV

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз