adilettv

«ҚЫС-2026»: ҚАЗЫҒҰРТ АСУЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

«Қыс-2026» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменттері бірлесіп, Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылы маңында орналасқан ескіҚазығұрт асуындақолайсыз ауа райы жағдайында туындауы мүмкін төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарды пысықтады.

Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, қалың қар мен боран салдарынан асудан өту қиындап, жол-көлік оқиғасы орын алды. Соның салдарынан жолда кептеліс пайда болды.

Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік ішінде қысылып қалған адамдарды құтқару үшін жедел-құтқару жасағы жұмылдырылды. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен көлік есігін ашып, зардап шеккендерді эвакуациялады. Ал алғашқы медициналық көмекті Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері көрсетті.

Сценарийдің келесі кезеңінде суықтан қорғану мақсатында көлікті ұзақ уақыт іске қосып қою салдарынан өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап, өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Жолда қалып қойған өзге де жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізу үшін арнайы техника тартылып, олар жақын маңдағы эвакуациялық жинақтау пунктіне орналастырылды.

Бұдан бөлек, боран кезіндекөмек шақырту үшін жолға шыққан екі адам адасып кетіп, оларды іздестіруге жедел-құтқару жасағының кинологтары қызметтік иттері мен еріктілер жұмылдырылды. Үйлесімді әрі жедел әрекеттің нәтижесінде адасқан адамдар табылып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылды.

Осылайша, оқу-жаттығу барысында түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі күштер мен құралдардың өзара іс-қимылы, құтқару, өрт сөндіру, медициналық көмек көрсету және халықты қауіпсіз жерге эвакуациялау әрекеттері кешенді түрде пысықталды. Қойылған міндеттер толық орындалып, оқу-жаттығу бақылаушылары тарапынан жоғары баға берілді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Admin

ҚАЙРАТ ҚАЛИБЕКОВ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Admin

КЕНТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР ЖЫЛЫНА 20 ТОННАДАН АСТАМ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНДІРЕДІ

Admin

Пікір қалдырыңыз