Қоғам

Астанада және жеті облыста тұман, жел, қар: дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, 16-22 наурызда еліміздің көптеген аумағында жауын-шашынды ауа райының тұрақсыз болуы күтілуде. 17 наурызда елордада және жеті облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды AdiletTV Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

Қарағанды облысында тұман, оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысқан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Астанада тұман түседі.

Жамбыл облысында температуралық аяның көтерілу болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, еріген қар ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде, бұл ретте төгілулер мен су басулар болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында тұман болады. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 15 м/с жетеді.

Ақмола облысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады.

Біз ауа райының қолайсыздығына байланысты бес облыстың жол учаскелері жабылғанын хабарладық.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРҒЫН СУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫНА КІРІСТІ

admin

Есілдегі көлік жуу орнында полицей мен азаматтық азамат көліктен өлі күйінде табылды

admin

Алматыда жерден қайнаған су шықты