28.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
Жаңалықтар Қоғам

Астанада және жеті облыста тұман, жел, қар: дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, 16-22 наурызда еліміздің көптеген аумағында жауын-шашынды ауа райының тұрақсыз болуы күтілуде. 17 наурызда елордада және жеті облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Aspan.info Қазгидрометке сілтеме жасай отырып. Қарағанды облысында тұман, оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысқан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Астанада тұман түседі. Жамбыл облысында температуралық аяның көтерілу болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, еріген қар ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде, бұл ретте төгілулер мен су басулар болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Атырау облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтөбе облысында тұман болады. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 15 м/с жетеді. Ақмола облысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. Біз ауа райының қолайсыздығына байланысты бес облыстың жол учаскелері жабылғанын хабарладық.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыда жауын-шашынның салдарынан жолдардың опырылуы орын алды

admin

3 ОТБАСЫНА ДЕМЕУШІЛЕР ҮЙ СЫЙЛАДЫ

АҚШ билігі смартфондар нарығын монополияландырды деп айыптап, Apple компаниясына қарсы іс қозғады

Пікір қалдырыңыз