adilettv

«ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ.

2026 жылғы 17–19 шілде аралығында Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында «Қауіпсіз үй» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында Абай аудандық полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, профилактикалық есепте тұрған және тәуекел деңгейі жоғары (8 балдан жоғары) отбасылардың тұрғылықты мекенжайларын тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің қайталануына жол бермеу мақсатында отбасылармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізіліп, қолданыстағы заң талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға көрсетілетін көмек түрлері, сенім телефондары мен дағдарыс орталықтарының қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қауіпсіз үй – қауіпсіз қоғамның негізі!

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – БІЛІМ МЕН БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ

AdiletTV

Город Шымкент: на опорном пункте №40 Енбекшинского районного управления полиции количество лиц, поставленных на профилактический учет в объеме 10 месяцев 45.

AdiletTV

Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз