23.3 C
Shymkent
1 сентября, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ӨЗ БАСПАНАСЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Шымкентте бірден 30 отбасы қоныс тойын тойлау мүмкіндігіне ие болды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстап, тұрғындарды айтулы оқиғамен құттықтады.
Баспаналар «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында берілді. Көп қабатты үйлер Бозарық шағынауданында орналасқан. Олар қолданыстағы құрылыс талаптарына толық сәйкес келеді және барлық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
Пәтер иелері төлем қабілеттілігін растаған азаматтар қатарынан анықталды. Олардың арасында көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар.
Айта кету керек, жаңа баспанаға қол жеткізген бұл отбасылар үшін бұл баспаналар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысудың көптен күткен нәтижесіне айналды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖОЛДАНЫМДАРДЫ ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

AdiletTV

ВОЗРОЖДЕНИЕ РЕКИ КОШКАР АТА: ШЫМКЕНТСКАЯ РЕКА ПРЕВРАЩАЕТСЯ В СОВРЕМЕННУЮ РЕКРЕАЦИОННУЮ ЗОНУ

AdiletTV

Азаматтық қорғаныс бойынша жиын өтті

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз