Осыған байланысты мамандар азаматтарға тауар немесе қызмет үшін төлем жасаған кезде жеке тұлғалардың мобильді нөміріне ақша аударуға сақ болуға кеңес береді. Егер сатушы немесе қызмет көрсетуші кәсіпкерлік қызметпен айналысса, ол заңнамаға сәйкес төлемді POS-терминал, QR-код немесе өзге де ресми төлем құралдары арқылы қабылдауы тиіс.
Кімдерге мобильді аударым жасау ұсынылмайды?
дүкен, бутик, сауда нүктелерінің сатушыларына;
қоғамдық тамақтану орындарына;
ақылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерге;
заң бойынша POS-терминал орнатуға міндетті бизнес субъектілеріне.
Сарапшылардың айтуынша, тауар немесе қызмет үшін жеке картаға жасалған аударымдар тұтынушының құқығын қорғауды қиындатуы мүмкін. Мұндай жағдайда сатып алуды немесе төлемді растайтын ресми чек берілмейді, ал даулы жағдай туындаса, өз құқығыңызды дәлелдеу күрделене түседі.
Мемлекеттік органдар кәсіпкерлерге төлемдерді заңда көзделген тәртіппен қабылдауды міндеттеп отыр. Сондықтан сатып алушыларға төлем жасаған кезде чек талап етіп, төлемнің ресми түрде рәсімделуіне назар аудару ұсынылады.
Айта кетейік, мобильді аударымдарға қатысты бақылау шаралары қарапайым азаматтардың туыстары мен достары арасындағы жеке мақсаттағы ақша аударымдарына емес, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстарды анықтауға бағытталған. Сондықтан жеке қажеттілік үшін жасалатын аударымдарға шектеу қойылмайды.
