21.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ IT-КӘСІПКЕРЛЕР ЕРЗАТ ДУЛАТ ПЕН МҰРАТ ӘБДІРАХМАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Higgsfield AI стартапының техникалық директоры Ерзат Дулатпен және MA7 Ventures венчурлік платформасының негізін қалаушы Мұрат Әбдірахмановпен кездесіп, жасанды интеллектіні экономикаға, мемлекеттік басқару ісіне және әлеуметтік салаға жүйелі түрде енгізу, сондай-ақ IT-кәсіпкерлікті, венчурлік және AI-индустрияны дамыту мәселелерін талқылады.
✔️Президент Higgsfield AI стартапының жетістігін жоғары бағалап, елімізде жасанды интеллект саласында жаһандық көшбасшы саналатын компанияның құрылуы зор табыс екенін айтты.
✔️Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан IT саласындағы компаниялар тез арада іске қосылып, қарқынды түрде дамып, әлемдік нарыққа шығатын алаңға айналуы қажет. Бұл – негізгі міндет.
✔️Ерзат Дулат Higgsfield командасының 95 пайызы қазақстандықтардан құралғанын, бұл жастардың әлеуетін танытатынын жеткізді. Сонымен қатар ол AI-индустрияға қажетті кадр даярлау және бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыру ісінде мемлекетпен серіктес болуға дайын екенін растады.
✔️Мұрат Әбдірахманов венчурлік индустрия мемлекеттердің технологиялық дамуының тетігі саналатынына тоқталды. Бұл орайда Қазақстанның жаһандық венчурлік индустрияның толық қатысушысы болуға мүмкіндігі зор.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОРЛОВ ШАХТАСЫНДА ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА: БІР КЕНШІ ҚАЗА ТАПТЫ

Admin

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Admin

Шымкент қаласы: Жарқын өмір мен денсаулықты — абыройсыздық пен ақымақтыққа айырбастамаңыз! Денсаулық — зор байлық! атты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Admin

Пікір қалдырыңыз