7.3 C
Shymkent
25 октября, 2026
Ақпарат Қылмыс

ПОЛИЦИЯ МЕФТІҢ ІРІ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТАРАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕДІ

Тәртіп сақшылары «синтетиканың» 2 мыңнан астам дозасының қала аумағында таралуының алдын алды.Есірткі сатушыны жедел уәкілдер Абай ауданының аумағында ұстады.

Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде есірткіні өлшеп орауға арналған заттар, яғни таразы, изолента, термоусадка, гриппер-пакеттер, сонымен қатар аса ірі мөлшердегі мефедрон табылды.Ер адам интернет-мессенджер арқылы есірткі салынған пакеттер жасырылған орындар туралы ақпарат алып, оларды бір реттік дозаларға бөліп, өткізумен айналысқаны белгілі болды.Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Аталған қылмысты жасағаны үшін 34 жастағы азамат он жылдан он бес жылға дейін бас бостағынан айырылуы мүмкін.Полиция ескертеді: есірткімен байланысты кез-келген заңсыз әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тальгодағы жолаушыны зорлау ісі: Сотталған жолсеріктер мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Admin

Екібастұзда 24 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кеткен

Admin

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Admin

Пікір қалдырыңыз