Ақпарат

Екібастұзда 24 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кеткен

Бұл ақпаратты Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Ведомство мәліметінше, оқыс оқиға қаладағы ЖШС-лардың бірінің аумағында болған көрінеді. Автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған.

ПАЗ көлігінің жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, кюветке түсіп кеткен, — делінген хабарламада.

Автобус салонында ЖШС-нің 24 қызметкері кетіп бара жатқан. Зардап шеккендер бар. Алайда олардың нақты саны белгісіз. Қазір оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде.Жол апаты бүгін сағат 10:00 шамасында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҚЫЛМЫСТЫ ЖАСЫРУ ҮШІН КӨЛІКТЕРІН ӨРТЕП ЖІБЕРМЕК БОЛҒАН

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ СИНГАПУР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАРМАН ШАНМУГАРАТНАММЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

AdiletTV

Иран Израильге бүгін соққы беруі ықтимал

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз