11.3 C
Shymkent
21 октября, 2026
adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Редактор таңдауы Соңғы жаңалықтар Шымкент

ШЫМКЕНТТЕГІ №143 МЕКТЕПКЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ДАУЫ: АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ СОТ ДИРЕКТОРДЫҢ ПАЙДАСЫНА ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ

Жұмыстан екі рет шеттетілу қаупіне тап болған №143 Келешек мектебінің экс-директоры  Мейра Сүлейменованың ісі қалалық білім басқармасының қисынсыз кадр саясатына қатысты мәселелерді қайта көтерді.

Мейра Сүлейменова мен қалалық білім басқармасы арасындағы ұзаққа созылған дау жаңа кезеңге өтті. Бүгін, 21 қазанда, Шымкент қалалық сотының апелляциялық сатысы білім беру ұйымының басшысын жұмыстан босатуға қатысты іс бойынша шешуші шешімін жариялады. Әділетсіз, заңсыз босатылған Мейра Сүлейменованың пайдасына толық шешіліп, сот үкімімен бекітілді.

№143 мектеп қызметкерлері Қазақстан Президентіне бейнеүндеу жолдағаннан кейін бұл жағдай қоғам назарын аударды. Ұжым мемлекет басшысынан дауға араласып, директордың айналасындағы жағдайға назар аударуды сұрап, оған қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Осыдан кейін дау көпшілік арасында кеңінен талқылана бастады. Білім басқармасының өкілдері мектеп басшысының жұмысына қатысты бірқатар талаптарын алға тартса, Сүлейменова өзіне тағылған айыптармен келіспей, сотқа жүгінді және оны сотта дәлелдеп шықты.

Шілде айының соңында азаматтық істер жөніндегі бірінші сатыдағы сот оның талаптарын іс жүзінде толық қанағаттандырды. Жұмыстан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылып, ведомствоға директорды қызметіне қайта орналастыру және мәжбүрлі бос жүрген кезеңі үшін өтемақы төлеу міндеттелді. Қолда бар ақпарат бойынша, өтемақы мөлшері шамамен 800 мың теңгеден астам сомманы құрайды. Өкінішке қарай, Сүлейменоваға бұл маңдай тер, табан ақысын білім басқармасы әлі күнге дейін төлемей келеді. 

Көрініп тұрғандай, Шымкент қалалық соты директор ісі бойынша өзінің әділ шешімін шығарды. Өкінішке қарай, «жығылған күреске тоймас» кейіпін киген Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов мән-жайға жіте қарамай бір жақтылықпен тағы да Сүлейменованы жұмыстан босату туралы қисынсыз бұйрық шығарған. Ысқақовтың сүйеніп отырған негізі, ыстық тамаққа артық төленген 8 млн астам қаржысы екен. Алайда, бұл қаражат дер кезінде кәсіпкер тарапынан тамыз айының басында бюджетке кері қайтарылған. Яғни, мемлекетке шығын келтірілген жоқ.

Ал тексеру қыркүйек айының ортасында жүзеге асырылып босату бұйырығына негіз болып отыр. Егер мәселеге объективті қарайтын болсақ, осындай артық төлеген, бірақ әлі де кері қайтармаған шамамен 10-ға жуық өзге мектептер директорлары өз қызметтерінде тап жылмай отыр. Заң бәріне бірдей емес пе?

Ал білім басқармасының басшысы апелляциялық сот процессі бітпей №143 Келешек мектебінің директорына қатысты асығыс шешім қабылдаған. Бұл өз кезегінде педагогтардың, қоғам белсенділерінің назарын аударып, ашу-ызасын тудырып отыр. Бұл «қолынан келгенде қонышынан басудың әрекеті ме» немесе қызмет бабын, лауазымын асыра пайдалану ма?!  Шымкенттің білім саласында орын алған осындай көңілсіз жәйіттер өзге де мектеп директорларын алаңдатып отыр. Бүгінгі күнде осыған ұқсас 4-5 мектеп басшылары сотқа шағымдану процессінде. Білімнің дамуымен айналысудың орнына жұртты әбігерге салып қудалау әрекеттерін жасаған білім басқармасы басшылығының көздеген мақсаты не? ХАН телеарнасы бұл жәйітті өз бақылауында ұстайды және ҚР Үкіметінің, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың назарына арнайы ұсынады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың 25 қазанға арналған жұмыс кестесі

Admin

Қыстан кейін сапасыз жөнделген жолдар «қалқып шығады» — Астана әкімі

admin

Әкімдік ірі француз зауытына қалай проблема туғызды, деп хабарлады Бас прокуратура.

admin

Пікір қалдырыңыз