adilettv

ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Абай облысының әкімі Берік Уәли мен Қытайдың «Zhongwei Xinneng» компаниясының бас директоры Ян Соцзюнь өңірде қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жөніндегі меморандумға қол қойды. Инвестиция көлемі – 880 млн доллар. Жоба іске асса, аймақта жаңа жұмыс орындары ашылып, энергетикалық инфрақұрылым жаңарады. Әкімдік жер бөлу, рұқсаттар беру және әкімшілік қолдау көрсетуге дайын.
Берік Уәли бұл жобаның облыс үшін маңыздылығын атап өтіп, екі ел басшыларының жылы қарым-қатынасы инвестициялық ынтымақтастыққа серпін беріп отырғанын жеткізді. Инвесторларға барлық ұйымдастырушылық мәселелер бойынша қолдау көрсетілетіні айтылды. Қытайлық компания өкілдері 800 млн доллар инвестиция салуға және 300–500 адамды жұмыспен қамтуға дайын екендерін мәлімдеді. Аймақта инвестиция тарту қарқыны артып келеді: жыл басынан бері 100-ден астам шетелдік инвестормен кездесу өтті, жалпы құны 1,5 млрд доллар болатын 15 меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта 39,5 млрд теңгелік 3 жоба іске асырылуда. 2025 жылдан бастап өңірдегі инвестициялық жобалар саны 29-дан 97-ге, ал инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге дейін өсті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛАЛЫҚ КӨЛІК ПЕН ЛОГИСТИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ: ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ НАҚТЫ ҚАДАМДАР

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

AdiletTV

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ 52 ПАЙЫЗЫ ШЕКТІ ДЕҢГЕЙДЕН ӨТПЕДІ: МИНИСТР БІЛІМ САПАСЫН СЫНҒА АЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз