1.3 C
Shymkent
25 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

«Мұғалім көбірек жүріп төтенше жағдай қызметіне ауыстым» — Ортсондыру болимінде жұмыс ісінің әйел.

Төтенше жағдай қызметі сырттай қарағанда ер адамдар ғана жұмыс істейтін сала көрінуі мүмкін. Алайда бұл салада бірнеше жылдық еңбек өтілі бар әйел адамдар да жұмыс істейді. Massaget.kz тілшісі 21 жылдан бері Атырау облыстық Төтенше жағдай департаментінде қызмет атқаратын Лаура Хадисовамен сұхбаттасып, бұл салада әйел адамдарға жұмыс істеу қаншалық қиын екенін сұрады. Мұғалімнен төтенше жағдай қызметкеріне дейін… Лаура Хадисованың жасы 42-де. Оның негізгі мамандығы бұл саладан мүлде алыс болса да, тағдыр айдап, қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметке келген.
«Өзім Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік совхозының тумасымын. Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедұлы атындағы мемлекеттік унивеситетінің тарих-филология факультетін бітіргенмін. Бір сөзбен айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімімін», — дейді ол.
Бүгінде бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған Лаура Хадисова жұбайымен де осы төтенше жағдай департаментінің арқасында танысқан.
«Жолдасым — Артур Жұмағалиев, Көкшетау техникалық институтын бітірген. Осы қызметте таныстық», — деп әңгімеледі департамент қызметкері.
«Бұл қызметке келуім қызық болған» Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті қызметкерінің айтуынша, бұл салаға келуінің өзі бір қызық оқиға болған.
«2003 жылы жоғары оқу орнын тәмамдап, қала мектептерінің бірінде еңбек жолымды бастап жүрген кезімде таныс ағайымыздың үйінде қонақта отырғанбыз. Сол жерге форма киген үлкен апай келді. Өзіне әдемі жарасып тұрды. Сол жерде әңгіме барысында Өртке қарсы қызметінде 1-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде орынбасар болып қызмет атқаратынын жеткізді. Сол жерге радиотелефоншы керек екенін де айтты. Табан астында бірден шешім қабылдап, «осы салаға ауысамын» дедім», — деп еске алды Лаура.
Оның бұл салада еңбек етіп келе жатқанына 20 жылдан асқан.
«2004 жылы наурызда Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне радиотелефоншы лауазымына қабылдандым. Сол жылдардан бері түрлі қызмет атқарып, қазіргі уақытта Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің Күш құралдар басқару орталығының диспетчерімін», — деп әңгімеледі ол.
«Сырттай әйел адамға ер адаммен жұмыс істеу оғаш көрінеді» Лаура Хадисованың айтуынша, әр жұмыстың өз қиындығы болатыны секілді бұл саланың да өз ерекшеліктері, қиындықтары қатар жүреді.
«Бұл саланың өзіне тән ерекшелігі, қиындығымен қатар қызығы да бар. Ең алдымен сырттай адамдарға әйел баласының ер адамдармен қатар жұмыс істеуі оғаш көрінеді. Әсіресе, жас отбасыларға. Осы кедергілерге төтеп беріп, өтіп кетсең нағыз өз ісінің маманы боласың», — дейді ол.
Сонымен қатар, ол бұл салада әрбір қоңырау, әрбір хабарлама өте маңызды екенін, оның арғы жағында құтқарушыларды күткен адам өмірі тұратынын жеткізді.
«Жұмыс барысында түрлі оқыс оқиғалар болады. Бізге түскен әр қоңырау маңызды. Адам өмірін құтқаруда әр минутың маңызды. Дұрыс шешім қабылдап, дер кезінде оқиға орнына арнайы құтқарушыларды жіберу керек», — дейді ТЖД қызметкері.
Оның ең бірінші кезекшілігі 8 наурызбен тұспа-тұс келген екен.
«Ең бірінші өрт түнде басталды. 8 наурыз болатын. Сол кезде қатты қорықтым. Тұрғын үй жанып жатқан болатын. Көліктер уақытында бара ма, адам шығыны болмай ма деген ойлар болды. Мекен жайға байланысты өрт сөндіру бөлімшелерінің кестесі бар. Соны білуіміз қажет. Осы кесте бойынша жібереміз. Кей жағдайда бала өлімі болады. Ол жағдайлар өте қиын. Бірақ салқынқандылық танытып, жұмысты жалғастырамыз», — дейді ол.
Құтқару саласының қызметкері жұмыстағы ең басты уайым адам өмірі екенін айтады.
«Кейде лаулаған отты сөндіру үшін ондаған техника жұмылдырылады. Олардың әрқайсында 6-7, кейбірінде 8 тонна су болады. Кейде оның өзі жеткіліксіз. Себебі тілсіз жаудың құрсауынан әріптестерімізді, азаматтарымызды аман алып шығамыз ба, жоқ па, соны уайымдаймыз», — дейді ТЖД қызметкері.
Бөлісу

Related posts

Қарағанды облысының дәрігерлеріне жаңа пәтерлердің кілті табысталды

Әйелдер бизнесін қолдауға арналған «Үміт» жаңа бағдарламасы басталып жатыр

1688 Alibaba Қазақстан нарығына шықты

Leave a Comment