18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
Ақпарат

Қазақстанда газ тарифтері жаңаша есептелуі мүмкін

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин газ саласы мәселелері бойынша түзетулер туралы айтып берді.

Мәжіліс депутаттары 19 маусымда өткен жалпы отырыста газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері жөніндегі заң жобасын қарастырды, деп жазады zakon.kz. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин газ саласы мәселелері бойынша түзетулер туралы айтып берді. «Газ саласы бойынша ұлттық оператор тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын жобалауға арналған тапсырмаларды және олардың жобалау-сметалық құжаттамасымен келісетін болады. Сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылыс жобаларына техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар, газды үнемді пайдалануды ынталандыру, ішкі нарықта сату кезінде газды есепке алудың ашықтығы мен автоматтандырылуын қамтамасыз етеді. Жеке газ тарату ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеу және тариф қалыптастырудың жаңа әдістерін енгізеді», — деді Еділ Жаңбыршин. Айта кетейік, 2024 жылғы 12 маусымда Ақордада Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасын көтеру жоспары туралы айтты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

AdiletTV

Еліміз су шаруашылығын дамытуда АҚШ-тың тәжірибесін қолданады

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ГФР ФЕДЕРАЛДЫҚ КАНЦЛЕРІ ОЛАФ ШОЛЬЦПЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз