22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Ақпарат

Алматы спорт басқармасының басшысы Парижде қайтыс болды!

Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин Парижде қайтыс болды. Ол елде іссапармен жүрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин Парижде кенеттен қайтыс болды. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, оның жүрегі тоқтап қалған. Ерден Хайруллин 2022 жылдың мамыр айынан бері Алматының спортын басқарып келген. Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына келген Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин кенеттен қайтыс болды. «Өкінішке қарай, Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннен айырылып қалдық. Оның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды», — деді Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп. Алматы қаласының әкімдігі қайғылы жағдайға қатысты пікір білдіріп, көңіл айтты. «Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Парижде Ерден Хайруллин іссапармен жүрген», — деді Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері. Айта кетейік, Ерден Рашидұлы Алматының спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарады. Оған дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ-БАСТЫ НАЗАРДА

САН ҚЫРАНДЫ САМҒАТҚАН- АЛТЫН ҰЯ!

AdiletTV

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ДРЕНАЖДАР ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨНІМ САПАСЫ АРТАТЫН БОЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз