adilettv

«№55 Жеңістің елу жылдығы»жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде патриоттық рухты нығайтуға арналған далалық оқу жиыны өтті.

2025 жылғы 21–25 сәуір аралығында мектебімізде аса маңызды тарихи даталар – Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай далалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Бұл – жай ғана әскери дайындық емес, бұл – жас ұрпақты отансүйгіштікке баулудың нақты қадамы болды.

Жиынға 10-сыныптың ұлдары қатысып, ел қорғаны болуға лайықты жас жігіттер екендерін дәлелдеді. Олар бірнеше күн бойы табиғат аясында шатыр тігіп, әскери-тактикалық машықтарын жетілдірді. Саптық жүріс, алғашқы көмек көрсету, топпен әрекет ету, картадан бағдарлау, командалық шешім қабылдау сияқты маңызды бағыттар бойынша тәжірибе жинақтады.

Бірақ бұл жаттығулардың ең басты мәні – жастардың жүрегінде елге, жерге деген махаббатты тереңінен ұялату. Әрбір тапсырма, әрбір жаттығу – Отан алдындағы борышты сезінуге бір қадам жақындатты. Олар тек физикалық шынығып қана қоймай, батыр бабалардың ерлігін жүректеріне сіңіріп, тарихтан тағылым алды.

Жастарымыз бүгінгі бейбіт өмірдің оңай келмегенін түсініп, ертеңгі күннің тірегі болуға дайын екенін көрсетті. Бұл – рухани тәрбие мен азаматтық жауапкершілікке баулудың тамаша үлгісі.

Отан үшін! Ерлік пен елдік үшін!

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Еңбек адамы-ПД ЖПҚ Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Акпанбетов Ермек

AdiletTV

ТҮРКІСТАНДА «ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ – АНА» МЕРЕКЕЛІК КЕШІ ӨТІП, ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

AdiletTV

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ

Пікір қалдырыңыз