13.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

Шымкентте ерекше балаларға қолдау көрсетуге бағытталған маңызды шара өтті. Қаладағы №1 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты мен Shymkent Creative Hub арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл құжат тек ресми келісім ғана емес, ерекше білімді қажет ететін балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталды.

Возможно, это изображение текст
Салтанатты рәсім дәл осы Shymkent Creative Hub ғимаратында өтті. Келісім аясында орталық мамандары енді аптасына бір рет ерекше балаларға арнап тегін шеберлік сабақтарын өткізеді. Атап айтқанда, қолөнер, сурет салу, тігін тігу секілді бағыттар бойынша ұйымдастырылатын бұл мастер-класстар балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бойындағы қабілеттерді ашуға мүмкіндік береді.
Жоба үйлестірушісі Жанна Елтанованың айтуынша, бұл бастама балаларды жаңа ортаға бейімдеп, олардың өз-өзіне деген сенімін арттыруға бағытталған. Ал мектеп директоры Айгүл Жамалбекова меморандумның басты мақсаты ерекше назардағы балалардың танымдық қабілетін дамытып, шығармашылыққа баулу арқылы олардың болашақ мамандығын таңдауға бағыт беру екенін атап өтті.
Возможно, это изображение учеба
Қазіргі таңда екі тарап алдағы екі айға арналған нақты жоспар құрып, жүйелі жұмысты бастап кеткен. Бұл – кездейсоқ акция емес, ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталған бірлескен жоба.
Айта кету керек, 1969 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл мектеп-интернатта бүгінде 192 бала білім алуда. Жарты ғасырдан астам тәжірибесі бар білім ордасы енді заманауи креативті кеңістікпен біріге отырып, оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынуды көздеп отыр.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫНА ТОЛЫҚ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Admin

Түркістан облысы: Балалардың, әсіресе жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының жағдайы бүкіл әлемде алаңдаушылық туғызуда.

Admin

ҚАЗАҚСТАНДА МҰҒАЛІМДЕРГЕ САБАҚ БАРЫСЫНДА CHATGPT ҚОЛДАНУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ

Admin

Пікір қалдырыңыз