Ақпарат

«Ей, дауысыңды көтерме»: Шымкент әкімінің полицейге дөрекі ескерту жасаған видеосы тарады

Әкімнің полицейге не үшін ашуланғаны әзірге белгісіз.
Желіде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен кездесу барысында полиция қызметкеріне дөрекілік танытқан видеосы тарған болатын.
Видеодан тұрғындармен сөйлесіп тұрған әкімнің артқа бұрылып полицейге ескерту жасағанын көруге болады.

“Ей, даусыңды көтермей сөйле, қалай-қалай сөйлейсің! Бар арғы жаққа. Жақындамасын. Ары тұр”, – дейді әкім.

Әкімнің полицейге не үшін ашуланғаны қазірге дейін белгісіз. Алайда желі қолданушылары әкімнің ескертуінің тым дөрекі екенін айтып, сынға алды. Кейбір желі қолданушылары әкімнің әрекетін көзбояушылық, алдын ала келісілген жағдай деп бағалаған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Admin

ТҮРКІСТАНДА «САҚШЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Admin

Алматы спорт басқармасының басшысы Парижде қайтыс болды!

Admin

Пікір қалдырыңыз