19.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Ақпарат

Жапонияда жер сілкінісінен 13 адам зардап шекті

Осыған дейін 9 адам зардап шеккені туралы айтылған.Жапонияның Кюсю аралына жақын маңда болған алапат жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 13 адамға дейін өсті. Бұл туралы Киодо агенттігі елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бейсенбі күні Кюсю аралының оңтүстік-шығыс жағалауында жергілікті уақыт бойынша сағат 16.43-те қатты жер сілкінісі болды. Бастапқыда жер сілкінісінің магнитудасы 6,9, кейіннен 7,1 деп белгіленді. Миядзаки мен Кагосима префектураларында бес балдық жер сілкінісі сезілді. Кюсю аралының шығыс жағалауы мен Сикоку аралының батыс және оңтүстік жағалауында цунами қаупі жарияланды.

Жер сілкінісі салдарынан жүрдек пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатады. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Кюсюде үйлердің ішінара қирауы тіркелді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мұратхан Тоқмәди шартты түрде бостандыққа шығады

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 201 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛЫП, 317 МЫҢ АҒАШ ӘКТЕЛДІ

Admin

73 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқи алады

Admin

Пікір қалдырыңыз