adilettv

LRT бағанына соғылған көлік жүргізушісі мерт болды

Бүгін Астанада көлік жүргізушісі LRT бағанына соғылып, оқиға орнында қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, бүгін таңғы сағат алты шамасында «Chevrolet Malibu» көлігі Сығанақ көшесімен Шәмші Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатқан. «Арыс» көпірінен өткен соң, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан LRT-ның бетон бағанына соғылған. Жүргізуші 43 жастағы азамат апат салдарынан, оқиға орнында қаза болған. Аталған көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ДСК 17» – Шымкент қаласындағы маңызды индустриялық-инвестициялық жоба

AdiletTV

2026 ЖЫЛЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?

AdiletTV

Қай өңірде ең көп некелесу тіркелген

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз