32.3 C
Shymkent
26 августа, 2026
Қоғам

ҰЛТТЫҚ КИІМ: ЖЕРГІЛІКТІ ДИЗАЙНЕРЛЕР ТОПТАМАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

Бүгін Шымкентте Наурыз мерекесіне арналған онкүндік аясында Ұлттық киім күні аталып өтуде. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап жүрген дизайнерлердің еңбегін халыққа кеңінен таныту мақсатында «Көрме» орталығында 3 номинация бойынша дефиле көрсетілді.

? Онда дизайнерлердің балалар мен жасөспірімдер топтамалары, күнделікті және жұмысқа арналған киім үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Бүгінгі көрсетілімге 10-нан аса дизайнер қатысты, Н. Сүйірқұлова «Jansulu prinses» брендімен, Г. Бакирова «Алиша» коллекциясымен, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің жас дизайнерлері өз туындыларымен тәнті етті.

? Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы іс-шараның мақсаты — қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттап, заманауи стильде жаңғырту. Осы бағыттағы мамандардың туындыларын халыққа кеңінен насихаттау, сондай-ақ сән әлеміне жол ашу.

? Қазақы киім үлгілерін ұлттық ою-өрнектер мен әшекейлер айшықтай түседі. Мұның барлығы да халқымыздың тарихының, пайым-парасатының, дүниетанымының көрінісі. Қай заманның да сән үлгісіне сай келетін ұлттық нақыштағы киімдер тек әсемедігімен ғана емес, күнделікті жүріп-тұруға ыңғайлылығымен де ерекшеленеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БАӘ-де Kazakhstan Kagazy экс-бас директоры ұсталды

Министр адам төзгісіз жүктемені бастан кешіріп жатқан дәрігерлердің есімдерін атады

admin

ҰҚК Өзбекстанмен шекарадағы үлкен кезектерді түсіндірді