3.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ТҮРКІСТАН: ЖИҺАЗ ӨНЕРКӘСІБІ САУРАННЫҢ БРЕНДТЕРІНІҢ БІРІНЕ АЙНАЛДЫ

Түркістан облысында халық сұранысына қарай зауыттар мен фабрикалар ашу, жаңа жұмыс орындарын көбейтуге ден қойылған. Бұл бағытта өңірде бірқатар жобалар қолға алынған. Әсіресе жиһаз шығару саласының даму қарқыны жақсы. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аймақтағы жиһаз өндірушілерді арнайы қабылдап, кәсіпорындарды аралап, жиһаз кластерін дамыту бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар берген болатын.
Бүгін облыс әкімі Сауран ауданынына жұмыс сапары барысында Шорнақ елді мекеніндегі «ТАК мебель» жиһаз цехының жұмысымен танысты. Жеке кәсіп иелерімен кездесіп, істі дамытуға қолдау бар екенін жеткізді.
– Түркістан облысында жүріп жатқан құрылыста отандық құрылыс материалдарына басымдық беріледі. Әлеуметтік маңызы бар нысандарды да отандық жиһаздармен жабдықтау қажет. Қолдау болады. Өндіріс көлемін молайтып, экспортқа шығаруға басымдық берген жөн, – деді Дархан Сатыбалды.
Жылына 12 000 дана өнім өндірілетін цехта 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сапалы әрі бәсекелестікке төтеп беретін жиһаздарына сұраныс жақсы. Мұндағы өнімдер шетелдің жиһаздарынан кем емес.
Өңір басшысы жауапты тұлғаларға кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беруді қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді жою және тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу

Related posts

«Бүкіл ауыл бойынша өлі иттер»: қазақстандықтарды аулау жағдайы қорқытады

Комитетом национальной безопасности при координации Прокуратуры по подозрению в коррупции задержан заместитель акима города г.Шымкент М.Исахов.

ТҮРКІСТАНҒА ТУРИСТ ТАРТУ МАҚСАТЫНДА ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ТУРИСТІК КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Leave a Comment