15.3 C
Shymkent
1 октября, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕҢЕЙГЕН

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, кеңес мүшелеріне Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева қаланың әлеуметтік ахуалы, тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік көмек және арнаулы әлеуметтік қызметтерді дамыту бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. 2024–2026 жылдары бірқатар жаңа нысан іске қосылып, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, «№1 стационар жағдайдағы орталығына» қосымша 50 орындық ғимараттың құрылысы аяқталып, материалдық-техникалық базасын жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. «Сенім» және «Балауса» орталықтары құрылып, тиісінше 50 және 150 орынға арналған қызмет көрсету мүмкіндігі жасалды. Сонымен қатар құны 14,052 млрд теңге болатын 150 орындық мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығының құрылысы 70 пайызға орындалды. Нысанды 2026 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

-«Қолдау» балалар орталығын жабдықтауға «Қазақстан халқына» қоры тарапынан 574,9 млн теңге көлемінде қолдау көрсету жоспарланып отыр. Бұрын ғимаратын жалдап отыратын «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жаңа ғимаратқа көшіріліп, нәтижесінде 109,6 млн теңге үнемделді, -дейді басқарма басшысы.  «Бейімдеу орталығында» қосымша 100 орындық ғимарат салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде екен. Сондай-ақ отырыста Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының атқарған жұмыстары, инфрақұрылым бағытындағы шаралары да қаралды.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері екі басқарманың жұмысына қатысты бірқатар сұрақ қойып, ұсыныстарын білдірді. Жауапты басшылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелер назарға алынатынын айтты. Алда айтылған ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, шешуді қажет ететін мәселелер кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны атап өтілді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Г. Шымкент: проведен круглый стол по актуальным вопросам практической фармации

Максим Сейтенов

Финансовый анализ тепличного проекта, оказывающего влияние на экономическое развитие Шымкентского региона

Максим Сейтенов

ДУБАЙДА ҚАЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛДАНЫП, ЕЛГЕ ҚАЙТА АЛМАЙ ОТЫРМЫЗ ДЕП ДАБЫЛ ҚАҚТЫ

Пікір қалдырыңыз