adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ 1 000 МВт БУ-ГАЗ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысындағы Сайрам ауданында қуаттылығы 1 000 МВт бу-газ электр станциясы салынып жатыр. Жобаны іске асыру барысы облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде талқыланды.

Жиында құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі жағдайы, өндірістік жұмыс кестесі мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Сондай-ақ жобаның негізгі кезеңдері мен оны жүзеге асыруға қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Еркебұлан Дауылбаев аталған жобаның өңірдің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызын атап өтіп, туындайтын мәселелерді уақтылы әрі бірлесіп шешу қажеттігін жеткізді.
Кеңес барысында жобаны іске асыруға ықпал етуі мүмкін тәуекелдер талқыланып, олардың алдын алу және шешу жолдары пысықталды. Атап айтқанда, жауапты ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту, ұйымдастырушылық мәселелерді үйлестіру және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті қолдау көрсету мүмкіндіктеріне назар аударылды.
Жобаны іске асыруға қатысушы ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы бірлескен жұмыстар жалғасады.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В День Республики Шымкент обрел новый символ гордости и единства

Admin

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ АНАЛАР МЕН АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Admin

Неліктен Қазақстанда балалы әйелдерге арналған жеке автобустар ашу идеясынан бас тартты?

Admin

Пікір қалдырыңыз