adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен кеңес өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы Марат Ірменовті таныстырып, оған бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалау, алдына қойылған міндеттерді орындаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу және қызмет тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Ол «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыруға, мемлекеттің экономикалық саладағы ұлттық мүдделерін қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа және заң бұзушылықтардың өзге де түрлеріне қарсы іс-қимылға басымдық беру қажеттігін ерекше атап өтті.

Президент кадрларды іріктеу жүйесін жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қауіп-қатерлердің алдын алу, сондай-ақ басым мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шенеуніктер байқаусызда «тендерді жеңіп алу нұсқаулығын» сыртқа шығарды: Антикор мәлімдеме жасады

Шымкент қаласы: Абай АПБ ЖПҚ №9тірек пунктін тұрғындар арасында интернет алаяқтық қылмысынан сақ болу үшін жарнамалар таратылып ескеру жұмыстары жүргізілуде.

Admin

Шымкентте сегіз мемлекеттің құтқару қызметтері басшылары халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Admin

Пікір қалдырыңыз