9.3 C
Shymkent
8 октября, 2026
Ақпарат Денсаулық

Елімізде биыл көкжөтелден екінші бала көз жұмды

Қайғылы оқиға Ұлытау өңірінде болған.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қауіпті инфекциядан биылдыққа екінші бала көз жұмғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz. Қайғылы оқиға Ұлытау өңірінде болған. «Биыл көкжөтелден екі бала көз жұмды, біреуі – Қарағанды облысында, ал екіншісі – Ұлытауда. Ал олардың екеуі де екпе салатын жасқа жетпеген”, – деп мәлімдеді Айжан Есмағамбетова. Дәрігерлер көкжөтелдің өте қауіпті инфекция екенін айтады. Сөздерінше, ауырған 10 адамның төртеуі одан өлуі мүмкін. Қазіргі уақытта Қазақстанда ай сайын көкжөтелді 350-ден 400-ге дейін адам жұқтырып жатыр. Науқастардың 90%-ға жуығы екпе алмаған. Денсаулық сақтау министрлігі халықты екпеден бас тартпауға шақырады. Елдің бас дәрігері көкжөтелге қарсы француз вакцинасы тиімді дейді. Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында көкжөтелден бір бала көз жұмғаны айтылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР АКЦИЯНЫ ҚОЛДАДЫ

Шымкенттегі әлеуметтік орталық: тұрғындардың шағымы тексеруді қажет етеді

Admin

ЕЛІМІЗДЕ 550 БАЛА КӨКЖӨТЕЛ ЖҰҚТЫРДЫ

Пікір қалдырыңыз