adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда 576 мың тұрғын үй нысаны тексерілді: ондаған мың құқықбұзушылық анықталды

Қазақстанда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз үй» ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды. 5 қазан мен 5 қараша аралығында полиция қызметкерлері 576 мың тұрғын үй және басқа да нысанды тексеріп, көші-қон заңнамасының 42 мыңға жуық бұзушылығын анықтады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел-профилактикалық іс-шара аясында 9 мыңға жуық шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар тұрақты тұрғылықты жері жоқ 3,5 мыңнан астам адам полиция органдарына жеткізілді.

Құқық қорғау органдары жалға берілетін тұрғын үйлерді, саяжай учаскелерін, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тексеруге ерекше назар аударды.

Бір ай ішінде полиция қызметкерлері тұрғындармен 12 мыңнан астам кездесу өткізіп, 398 мыңға жуық ақпараттық жадынама таратты. Азаматтардан 4,5 мың өтініш пен ұсыныс түсті.

Азаматтық қару айналымын бақылау жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Құқық қорғау органдары қару иелерінің 100 мыңнан астамын тексеріп, шамамен 1,5 мың құқықбұзушылықтың жолын кесті. Сонымен қатар тіркелмеген 195 дана қару тәркіленді.

ІІМ мәліметінше, халық арасында жүргізілген атаулы профилактикалық жұмыстар да өз нәтижесін берген. Мәселен, Жетісу облысында полиция қызметкерлері ішімдікке салынған азаматқа емделуге және өмір салтын өзгертуге көмектескен. Қазіргі уақытта ол жұмысқа орналасқан.

Ал Абай облысында ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаған отбасылар анықталды. Балалар бейімдеу орталығына орналастырылып, ата-аналарына қатысты заңнамада көзделген шаралар қабылданды.

Қосымша жанармай бактарын заңсыз орнату деректері Жамбыл облысында көп тіркелген

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік шекарадағы 48 автомобиль өткізу пунктінің маңында полицияның тәулік бойы жұмыс істейтін бекеттері орналасқан.

Жыл басынан бері ІІМ қызметкерлері көлік құралдарына қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 595 дерегін анықтады.

Мұндай құқықбұзушылықтардың ең көбі мына өңірлерде тіркелген:

  • Жамбыл облысы – 386 дерек;
  • Түркістан облысы – 119 дерек;
  • Қостанай облысы – 80 дерек.

Жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз орнатылған қосымша жанармай бактары алынып, көліктер иелеріне қайтарылды.

Қазақстанда 1,4 мыңнан астам рұқсатсыз қоқыс орны жойылды

Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар да жалғасуда.

1 қыркүйектен бастап елімізде 26 мыңнан астам заңсыз жазу мен граффити жойылды. Осыған байланысты 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар вандализм және есірткі заттарының жарнамасы бар граффити салу фактілері бойынша жеті сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұдан бөлек, рұқсатсыз қоқыс орындарын анықтау және жою жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері рейдтік іс-шаралар барысында осындай 1 724 орын анықталып, оның 1 435-і жойылды.

Ішкі істер министрлігінде құқықбұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

“АМАНАТ” ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Admin

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ДЕБАТАМ СТАРТОВАЛ В ШЫМКЕНТЕ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС БОКСШЫЛАРЫ БІР АПТАДА 6 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

admin

Пікір қалдырыңыз