26.3 C
Shymkent
26 августа, 2026
adilettv Денсаулық

Түркістан облысы: денсаулық сақтау вице-министрі Ордабасы аудандық ауруханасында болды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА
Түркістан облысына бүгінгі таңда Денсаулық сақтау Вице-министрі А. Амангелдиев келді. Жұмыс сапарын 1205 халық саны бар Қарабастау елді мекеніне салынып жатқан фельдшерлік акушерлік пункттің салыну барысымен танысты. Биылғы жылы құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, қолданысқа беруді жоспарлады.
Сондай-ақ Ордабасы аудандық орталық ауруханасынада аялдады. Денсаулық сақтау Вице-министрімен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Мархабайұлы аурухананың қабылдау бөлімшесінің триаж-жүйесімен, ота бөлімі, перзентхана бөлімі, босану бөлімі, ангиохирургия бөлімшесін және дәрі қоймасының жұмыстарымен жіті танысып шықты. Аурухананы аралау барысында мекеменің медициналық жабдықтармен жабдықталуын қарап шықты. Атап айтқанда, КТ аппаратының жұмысы мен техникалық сипаттамалары және заманауи жылжымалы ангиограф аппаратының мүмкіндіктерімен танысты. Мекеме басшысы түрлі хирургиялық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа медициналық жабдықтармен жабдықталғанын және жоғары технологиялық медициналық көмек (ВТМП) бойынша хирургия, ангиохирургия бойынша оталар жасалатыны туралы баяндады. Сонымен қатар, аурухана дәрігерлерінің шет елдердің жетекші медициналық орталықтарында біліктіліктерін арттырғанын және биылғы жылы да жоспар бойынша өзінің жалғасын табатынын мәлімдеді.
Кездесу соңында медицина қызметкерлеріне ауыл тұрғындарына қолжетімді және сапалы стационарлық медициналық көмек көрсетуге қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АТЫРАУДА ҚАЗА ТАПҚАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫНЫҢ ЖОҒАЛҒАН ҰЛЫНЫҢ АТЫНАН ТУЫСТАРЫНА ХАБАРЛАМА КЕЛГЕН

AdiletTV

ЧИСТЫЙ ГОРОД: РЕАЛИЗАЦИЯ ЭКОЛОГИЧЕСКИХ ПРОЕКТОВ И СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ СИСТЕМЫ УПРАВЛЕНИЯ ОТХОДАМИ

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАН ИРАН ХАЛҚЫНА ҚАЗА ТАПҚАНДАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз