15.3 C
Shymkent
1 октября, 2026
adilettv Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары(Основная Рубрика) Бизнес Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан Экономика Экономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП ЖАТЫР

Түркістан облысында «Қазақстан халқына» қорының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Сапар аясында журналистер бүгін Отырар ауданы, Қоғам ауылындағы Кеңес одағының батыры Сейтқасым Әшіров атындағы жалпы орта мектепке барды.

Білім ордасы 1992 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 418 оқушы екі ауысымда білім алады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен физика, химия, биология пән кабинеттері жабдықталып жатыр. Қор тарапынан өңірде білім саласын дамыту мақсатында жалпы құны 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 35 мектеп заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.
Сондай-ақ сапар аясында БАҚ өкілдері Шәуілдір ауылындағы Мәдениет сарайының жұмысымен танысты. Онда Отырар аудандық мәдениет сарайы жаңғыртылған. Жоба аясында Отырар аудандық мәдениет сарайында тұрғындардың сұранысын ескере отырып, 5 негізгі бағыт бойынша 13 шығармашылық үйірме ашылды. Сонымен қатар, бірқатар жаңа шығармашылық бағыттарды дамыту үшін қосымша штаттық бірліктер қарастырылған. Ашылу салтанатына «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты. Ләззат Шыңғысбаева Түркістан өңірінде қор тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.
Сапар соңында журналистер Шардара ауданы, Көксу ауылында болып, қайта жаңғыртудан өткен мәдениет үйінің ашылу салтанатына қатысты. Ауылдық мәдениет үйінде 14 үйірме жұмыс істейді. Сондай-ақ, онда кітапхана орналасқан. Ал нысанның сыртында жазғы сахна мен алтыбақан және киіз үй орналасқан. Екі қабаттан тұратын нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін 163 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БҰҰ СТАТИСТИКАСЫНА СЕНБЕЙМІН – ЖҰМАНҒАРИН

Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін ұзартады

Қостанайлықтар суды қайнатып, тұндыруды сұрады

Пікір қалдырыңыз